14
апрель
2025
Шырын Мамасерікованың 80 жылдығы
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында, Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, ұстазы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шырын Мамасерікованың 80 жылдығына орай «Өлеңі мен өмірі елге таныс» тақырыбында тағылым сағаты ұйымдастырылды. Білім алушыларды ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырды.
Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Оқырмандарды кітап оқуға баулу. Кітапханаға оқырмандарды тарту.