«Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып» атты поэтикалық марафоны ұйымдастырылды. Марафонға 5-7 сынып білім алушылары қатысты. Білім алушылар қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик ақын, композитор, аудармашы, философ, ағартушы, қоғам қайраткері - Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, өлеңдері, қара сөздері туралы өз білгендерін ортаға салды. Абайды күні бүгінге шейін ұлы ақын деп қарап келдік. Бұл орынды. Орынды болса да, жеткіліксіз. Ұлы ақын өлең сөзбен бейнелеген жүрек сырын, терең ойын тек арман етіп қалдырмаған. Сол үшін күрескен. Шешендік , билік жолы оның халықтық сана - болмысыты биіктетудегі негізгі құралы саналған. Абай – тұтас тұлға. Абай тақырыбы - мәңгілік тақырып. Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға баулу. Кітапханаға оқырмандарды тарту. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.