20 минуттық кітап оқу
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «20 минуттық кітап оқу» атты акциясы ұйымдастырылды. Акция 5-7 сынып білім алушылары арасында өткізілді. Білім алушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Оқу – түбі тоқу» және Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым –Қожа» кітаптары берілді. Олар күніге үзіліс кезінде дауыстап оқып, бітірді. Кітаптарды оқып бітірген соң, кітаптың мазмұнымен бөлісті. Кітап оқуға ,соның ішінде көлемді көркем әдебиеттерді оқуға қызығушылықтары артты. Кітап оқуға сүйіспеншілікпен қарап, алдағы уақытта да оқуға ынталары қалыптасты.Басқа сынып білім алушыларына мазмұнымен бөлісіп, сыныптастарының кітап оқуға деген құштарлықтарын оятты. Акцияда әр сынып білім алушылары белсенділіктерін көрсетті.
Мақсаты: Білім алушыларға Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру,таныстыру. Көркем әдебиеттерге деген білім алушылардың қызығушылығын арттыру. Оқырмандарды машықтандыру, Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Кітапханаға оқырмандарды тарту.