«Кітап- білім бұлағы»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап- білім бұлағы» тақырыбында 3- сынып білім алушылары мен ата - аналары қатысқан сынып сағаты ұйымдастырылды. Кітапханашы қатысушыларға кітап қалай жаслынатыны туралы мағлұмат берді. Әртүрлі суреттер таратылып, сол суреттегі ертегі кейіпкерлерін және ертегінің атауын табу керек деген тапсырма болды. Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін оқып, мәтіннен түсінгенін айту тапсырмасы берілді. Ата- аналар білім алушылармен бірлесіп, өз ойларын ортаға салып белсенділік танытты. Белсенділік танытқан білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға баулу. Кітапханаға оқырмандарды тарту. Кітаптың қалай жасалатыны туралы мағлұмат беру.