Тіл елімнің тірегім
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тілдер күніне орай «Тіл елімнің тірегім» атты кітап көрмесі 6-7 сынып білім алушылары арасында ұйымдастырылды. Білім алушылармен қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына шолу жасалды. Білім алушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Ахмет Байтұрсынов –ақын, аса көрнекті ғалым, түркітанушы, көсемсөзші, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Шығармашылығы мысал жазумен басталды. Алғашқы кітабы «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, білім алуына көп күш жұмысады. «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Әліп-би» оқулықтарын, «Баяншы» әдістемелік нұсқауын жазды. Қазақ грамматикасына қатысты теориялық еңбектердің, әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш зерттеу» Әдебиет танытқыштың авторы. Көрмеге Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» деп аталған зерттеу еңбегі мен өлеңдері топтастырылған кітабы қойылды. Тіл туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды.
Мақсаты: Білім алушыларға ана тілін білудің маңызы туралы жайлы айту, ана тілін үйрету, өз тілімізді қадірлей білуге баулу. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Кітапханаға оқырмандарды тарту.