«Тілім – менің тірегім!»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 22-қыркүйек Тілдер күні мерекесіне орай «Тілім – менің тірегім!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Тіл- жұрттың жаны. Тілінен айрылған жұрт - жойылған жұрт» -деп Халел Досмұхамедұлы айтқандай, Тіл- халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал жұрттың болашағы - ана тілінде. Әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Тілдің мәртебесі елдің мерейі.Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз.Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық Қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет. Көрмеге тіл туралы мақал- мәтелдер, нақыл сөздер,кітаптар қойылды.Білім алушылардың тіл туралы шығарған өлеңдері де көрмеден орын алды.
Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға баулу. Кітапханаға оқырмандарды тарту. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.