«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы
02
май
2017

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

Мұғалімдердің белсенділігіне қозғау салатын ақпараттық орта қалыптастыру, әдістемелік қызметте жаңашылдықты анықтау, талантты педагогтарды анықтау мақсатында сәуір айында пән мұғалімдерінің арасында мектепішілік «Үздік дидактикалық қор» көрме-байқауы өткізілді. Байқауға әр пән әдістеме бірлестігінен бір мұғалімнен қатысты. Пән мұғалімдері өз тәжірибесінде қолданатын дидактикалық материалдарын жинақтап, жұмыстарын презентация жасап қорғады. Байқауға ұсынылған материалдар төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.

1. Оқушылардың ұжымдық, топтық, жеке жұмыстарын ұйымдастыруға арналған оқу құралдарының түрлері.

2. Бейне жазбалар, аудиожазбалар.

3. Тұсаукесерлер.

4. Тірек сызбалар, кесте, суреттер.

5. Грамматикалық тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары.

6. Қызықты грамматикалық ойындар жинағы.

7. Логикалық тапсырмалар

8. Тест жинақтары т.б.

Жұмыстары критерийлерге сәйкес деп бағаланған мұғалімдерге жүлделі орындар берілді. І орынға тарих пәнінің мұғалімі Солтанаева Б., ІІ орынға география, экология пәнінің мұғалімі Шөненова Г., ІІІ орынға физика пәнінің мұғалімі Нурланова А. ие болды.

Мектеп директоры Алипбаева А.И. ұсынылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, дидактикалық материалдарды тиімді қолданудың білім сапасын арттыруға зор ықпал ететіндігін атап өтті. Алдағы уақытта да пән мұғалімдері жұмыстарын одан әрі жинақтап, бірлестікте қарап, өз тәжірибелерінде кеңінен қолданып, дидактикалық материалдар қорын молайту ұсынылды.

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

 

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

 

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

 

Итоги проведения конкурса

«Лучший дидактический запас наглядных пособий»

В целях создания эффективного учебно-воспитательного процесса, активизации новых методических средств, выявления талантливых педагогов была проведена выставка –конкурс « Лучший дидактический запас наглядных пособий. В конкурсе участвовали по одному учителю методических обьединений. Каждый учитель должен был защитить приготовленную им презентацию из своего дидактического материала. Предоставленный на конкурс материал оценивался по следующим критериям:

1. Разновидность наглядных пособий, предназначенных для коллективной и индивидуальной работы с учащимися.

2. Видео и аудиозаписи.

3. Презентации

4. Схемы,таблицы, рисунки.

5. Сборники упражнений и грамматических заданий.

6.Сборники занимательной грамматики

7. Логические задания.

8. Сборник тестов.

Опираясь на данный список критерий членами жюри были выявлены победители выставки-конкурса:

І место заняла учитель истории Солтанаева Б.

ІІ место заняла учитель географии и экологии Шоненова Г.

І место заняла учитель физики Нурланова А.

В заключении конкурса директор школы Алипбаева А.И. отметила каждую работу учителей в отдельности. Айсулу Иманбаевна отметила роль дидактических материалов в развитии кругозора учащихся, повышении процента успеваемости детей, пожелала учителям как можно больше накапливать дидактический материал, обмениваться ими с другими учителями, работать в сотрудничестве.

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

 

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

 

«Үздік дидактикалық қор» көрме – байқауының қорытындысы

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив