Барлық білім, барлық ғажап- кітапта
Мектеп өмірінде оқушының әрбір күні бағалы, әр минуты қымбат. Осыған орай №11 Ә.Хасенов атындағы орта мектебінде наурыз айында «Барлық білім, барлық ғажап- кітапта» тақырыбында «Үздік оқырман -2017» байқауы өткізілді. Бұл байқауды өткізуге арқау болған мектептің кітапханашысы Утебаева Жамбы Болатбекқызы. Байқау балалар мен жасөспірімдер арасында оқуды насихаттау, ақпарат мәдениетін қалыптастыру, ақпарат орталығы ретінде кітапханаға назар аудару мақсатында өткізілді. Дамыған қоғам үшін әдеби шығармаларды оқу, қабілетін шыңдау әр оқушының азығы. Байқау 7-11 сынып оқушылары арасында өтті. Байқаудың мақсаты көркем шығарманы насихаттау, шығарма кейіпкерінің көзқарасын бүгінгі жастарға түсіндіру, мейірімділіке, ізгілікке, достыққа шақыру. Оқушылар байқаудың талаптарына сай өз білімдерін ортаға салды. Байқау нәтижесінде ең үздік оқырман 8 «а» сынып оқушысы Қамза Ақерке бас жүлдені иеленді. І орынды 9 «ә» сынып оқушысы Жұмағұлова Аида, ІІ орынды 10 «а» сынып оқушысы Бақбергенова Жанеля иеленді. Ал ІІІ орынды 7 «а» және 7 «ә» сынып оқушылары Базарбай Құралай мен Серік Аяна өзара бөлісті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бас жүлде иегері Қамза Ақерке 16 наурыз күні өткізілген аудандық «Үздік оқырман -2017» байқауына қатысып, мектептің абыройын асырып,білім үйлескен бәсекеде жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
«Кітап-білім бұлағы» демекші, алдағы уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып,білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтетуге ықпал ететін іс-шаралар жалғасын таппақ.