02
сентябрь
2022
Мектеп тарихы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
министрлігі Жамбыл облысы"Меркі ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің №11 Ә. Хасенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мектеп деген шын мектепке ұқсас болу керек .......
Өйткені мектеп –білім берудің басты құралы.
Ы.Алтынсарин.
Әмеди Хасенов атындағы № 11 орта мектеп іргетасы 1930 жылы қаланып , содан бері жас шәкірттерге сапалы біліммен саналы тәрбие беруде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан білім ордасы. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беріп отырған жаңа мектептің табалдырығын оқушылар 1976 жылы аттады.
Мектеп ғимараты типтік, жобалық қуаты 640 орындық. Бүгінгі күнде мектепте 431 оқушы екі ауысымда оқып тәрбиеленуде.
Мектеп деген әрбір адамның , тіпті ғұлама ғалымның , ойшыл дананың, елбасқарған азулы алып тұлғалардың ең алғашқы тарыдай білімін таудай қылып дамытуға түрткі болар алтын ұясы. Осындай алтын ұя, киелі шаңырақтың бірі-ол біздің білім ордамыз, яғни №11 Ә.Хасенов атындағы орта мектеп.Тамыры тереңге жайылған білім ордамыздың іргесі сонау 1930ж шағын мектеп болып қаланса, 1976ж қазіргі мектеп салынып ұстаз бен шәкірт игілігіне берілген болатын.
Керуен басы мықты болса, түйесі азбайды, көшбасшысы мықты болса ел тозбайды-демекші білім ордамызға 1930ж бастап бүгінгі күнге дейін көреген басшылар мен кемеңгер тұлғалар басшылық еткен. Оларға тоқтала кететін болсам, мектептің алғашқы басшысы 1930-1941жж Аппақов Қабди атамыз,1941-1951жж Мұқашев Омарқұл атамыз болса ,одан әрмен қарай 1951-1960жж Бірлібаев Мұхаметқали атамызға бұйырған екен. Сондай-ақ ер азаматтарымыздың темірдей тәртібін жалғастырған 1960-1962жж Мұқанова Секер апамыз, 1962-1983жж Абдықалықов Көлбай ата, 1983-1985жж Теміртаев Абдіғали ата, 1985-1994жж Абдіқалықова Радия Ибашқызы жалғастырса кейінгі тізгінді 1994-2010жж аралығында Жұманов Нұржан Жұманұлы ағайымыз және де
2010-2016жж Балабеков Жексеналы Абыталіұлы басшылық еткен . Ал қазіргі таңда яғни 2017ж бастап мектебімізде ұлағатты ұстаз, көреген көшбасшы, кемеңгер тұлға Алипбаева Айсулу Иманбайқызы басшылық етіп келеді.
Мінекей ұлағатты ұстаздар мен ардақты азаматтар басқарған білім ордамыз өзіндік тарихы бар қасиетті қара шаңырақ. Қара шаңырағымыздың іші қазанды ұстаздар мен қабілетті ұрпақтарға толы болғай.
Солтанаева Бұлбұл Қойшыбайқызы
Тарих пәнінің мұғалімі