Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады. » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2017

Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады.

Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады.

Қазіргі кезде оқушылардың ғылыми ізденіс жұмысына деген жаңа талапты өмірдің өзі қажет етіп отыр. Сондықтан оқушылардың өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру, оқушыларға ғылыми зерттеу материалдарын безендіруді үйрету, ынтымақтаса жұмыс істеуге, мұрағат, кітапхана, интернет деректерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында мектепішілік «Жас ғалым» атты ғылыми жоба байқауы өткізілді. Байқауға 4-10 сынып оқушылары арасынан 10 оқушы қатысып, өз жобаларын қорғады. 4«А» сынып оқушысы Ашымқұл Т. «Шаш сұлулық пен құпия қасиетке ие» атты жобасын өте сәтті қорғап шықты. Шаштың құпия сырлары туралы қызықты мәлімет жинақтаған. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Кенжебекова А. 8«А» сынып оқушысы Нарынова А. «Туған өлкем – Ақермен» атты жобасында өзінің туған жері, ауылы туралы толық мәлімет беріп, ауылдың аты туралы, ақермен шөбінің қасиеттері туралы тың деректер ұсынды. Жетекшісі экология пәнінің мұғалімі Шөненова Г. 8«А» сынып оқушысы Әльчикен С. математика бағыты бойынша «Квадрат теңдеуді шешудің 10 тәсілі» тақырыбындағы ғылыми жобасында квадрат теңдеуді шешудің тәсілдерін мысалдар арқылы көрсетіп, ерекшеліктерімен таныстырды. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Абланбекова Т. 8«Ә» сынып оқушысы Әлімқұл Р. «Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің мағыналық ұқсастықтары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы жұмысы өзекті тақырып болып табылады. Ол жұмысында мақал-мәтелдердің үш тілдегі аудармасы арқылы, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін атап көрсетті. Жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исмайлова А. Жұмыстары үздік деп танылған осы оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Бірінші орынды 4«А» сынып оқушысы Ашымқұл Т. мен 8 «А» сынып оқушысы Нарынова А., екінші орынды 8«А» сынып оқушысы Әльчикен С., үшінші орынды 8«Ә» сынып оқушысы Әлімқұл Р. иеленді. Басқа оқушылардың да жұмыстары атап өтілді.

Мектеп директоры Алипбаева А.И. байқауды қорытындылап, оқушылардың алдағы уақытта да ізденушілік, шығармашылық жұмыстарын жалғастыра берулеріне тілектестік білдірді.

Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады.

 

Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады.

 

Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады.

 


К ступеням науки с сегодняшнего дня.

Научно-исследовательский поиск учащихся – это требование сегодняшнего времени. Поэтому в целях формирования у учащихся навыков ведения самостоятельной научной работы, оформления научно-исследовательских работы, коллективной работы, работ с информационными данными музеев, библиотек и интернета в школе был проведен конкурс научных проектов «Юный ученый». В конкурсе участвовали 10 человек из учащихся 4-10 классов и защищали свои проекты. Ученица 4«А» класса Ашымкул Т. успешно защитила свой проект « Красота и тайны волос». Вместе со своей учительницей Кенжебековой А. она собрала интересные материалы о секретах и тайнах человеческих волос.Ученица 8 «А» класса Нарынова А . в своем проекте «Акермен –мой родной край» представила полную информацию о своей родной земле, ауле и новые данные о названии аула, свойствах травы «Акермен». Ее руководитель-учительница предмета «Экология» Шоненова Г. Ученица 8 «А» класса Альчикен С. познакомила со способами решении квадратных уравнений на основе конкретных примеров. Руководитель - учительница математики Абланбекова Т. Работа ученицы 8«Ә» класса Алимкул Р. на тему «Сходства и отличия пословиц и поговорок на английском, русском и казахском языках» признана актуальной. Она смогла объяснить эти сходства и особенности на трех языках через переводы. Руководитель- учительница английского языка Исмаилова А.

Подводя итоги конкурса, первое место между собой поделили ученица 4 «А» класса Ашымкул Толганай и ученица 8 «А» класса Нарынова Айжан,

второе место заняла ученица 8 «А»класса Альчикен Сымбат, третье место заняла ученица 8 «Ә» класса Алимкул Рахат и были отмечены призовыим местами и награждены похвальными грамотами. Так же не обделили вниманием и других участников проекта.

Директор школы Алипбаева А. И. пожелала учащимся творческих успехов в дальнейшей работе, быть еще больше любознательными и не остановливаться на достигнутом.

 

Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады.

 

Ғылым баспалдағы бүгіннен басталады.

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив