03
октябрь
2025
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
Қазан айының 3-і күні мектебімізде “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебі мен облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдау, сыни тұрғыдан ойлау, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында 3-4 сыныптар арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 3-сыныптан -4 оқушы, 4-сыныптан -9 оқушы, барлығы 13 оқушы қатысты. Қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын бағалап, жоғары ұпай жинаған 2 оқушы аудандық кезеңге жіберілді.


