«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 қазаны күні 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты -математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. Олимпиадаға 5-сыныптан 8 оқушы, 6-сыныптан 6 оқушы, барлығы 14 оқушы қатысты. Тапсырмалар өңірлік «Дарын» орталығынан алынып, ережеге сай өткізілді. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, хаттама толтырылып, жоғары ұпай жинаған 5-сынып оқушысы Серік Хадиша мен 6-сынып оқушысы Серікболсын Мейрамбек (пән мұғалімі Кишкенебаева К.Ж.) аудандық кезеңге өтті. Оқушыларға сәттілік тілейміз!