«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылдың 11 қыркүйегіндегі №403 хатына сәйкес Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылы қыркүйек айының 29-сында 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты -математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. Олимпиадаға 5-сыныптан 5 оқушы, 6-сыныптан 7 оқушы, барлығы 12 оқушы қатысты. Тапсырмалар өңірлік «Дарын» орталығынан алынып, ережеге сай өткізіліп, хаттама толтырылды. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, жоғары ұпай жинаған 5-сынып оқушысы Мұхтар Әлихан Асқарұлы мен 6-сынып оқушысы Базарбай Гүлім Нұрғалиқызы сілтеме арқылы келесі кезеңге тіркелді. Оқушыларға сәттілік тілейміз!