5-6 сынып білім алушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы
5-6 сынып білім алушыларына арналған республикалық олимпиаданың
мектепішілік кезеңінің қорытындысы
21.11.2022ж. күні Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББМ –де «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жалпы орта білім беретін пәндері бойынша 5-6 сынып білім алушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектеп) кезеңі өткізілді. Олимпиаданың бірінші (мектеп) кезеңі математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты - жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында шығармашылық қабілеттер мен танымдық іс-әрекетке қызығушылықты анықтау және дамыту, сонымен қатар ғылыми білімді насихаттау. Олимпиада өткізу үшін ереже, нұсқаулық басшылыққа алынып, мектепішілік бұйрық шығарылды. Олимпиадаға 5-сыныптан-18, білім алушы, 6-сыныптан-18 білім алушы, барлығы 36 білім алушы қатысты. Олимпиаданың бірінші кезеңіне арналған тапсырмалар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан алынды. Білім алушылардың жұмыстары тапсырманы бағалаудың негізгі критерийлеріне сәйкес тексеріліп, қорытындысы шығарылды. Жоғары ұпай жинаған 13 білім алушы олимпиаданың аудандық кезеңіне ұсынылды, оның ішінде 5-сыныптан 7 білім алушы, 6-сыныптан 6 білім алушы.