«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 3 қазаны күні 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты -математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. Олимпиадаға 3-сыныптан 6 оқушы, 4-сыныптан 6 оқушы, барлығы 12 оқушы қатысты. Тапсырмалар «Дарын» орталығынан алынып, ережеге сай өткізілді. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, хаттама толтырылып, жоғары ұпай жинаған 3-сынып оқушысы Мұрат Нұртас (пән мұғалімі Мустафаева Карлыгаш Абдыкадыровна) мен 4-сынып оқушысы Асқар Меруерт (пән мұғалімі Кенжебекова Айткуль Кенжебекқызы) аудандық кезеңге өтті. Оқушыларға сәттілік тілейміз!