Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы
2023 жылдың 7-8 желтоқсан күні Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, пәндік білімдерін тереңдету, қабілетті балаларды анықтау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының І мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиада математика, физика, химия, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілді. Мектепішілік олимпиадаға 70 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 11 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Ұйымдастырушы ДОТІЖО: Калмаханбетова Э.Ж.