25
ноябрь
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы
2022 жылдың 24 қараша күні Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың ғылымғақызығушылығын арттыру, пәндік білімдерін тереңдету, қабілетті балаларды анықтау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының І мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиада математика,физика, химия, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі менәдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілді. Мектепішілік олимпиадаға 70 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысыбойынша жоғары ұпай жинаған 11 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!