«Мың бала» олимпиадасы- үлкен мүмкіндік алаңы
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауылдық жерлердегі 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді, атап айтқанда еліміздегі дарынды балаларға арналған Республикалық физика-математика мектебі, «Білім-Инновация» лицейі, «Дарын» мамандандырылған мектепте білімін ұштауға мүмкіндік береді. Олимпиаданың финалистері Birge oqý онлайн мектебінде тегін оқи алады. Олимпиадаға соңғы екі оқу жылында еліміздің ауыл мектептерінде оқыған 6 сынып оқушылары қатысады. Олимпиадаға тіркеу 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізілді. 6 сыныптан 32 оқушы тіркелді (52%)
I кезең 2024 жылғы 3 сәуір күні тестілеу онлайн форматта өткізілді. 31 оқушы қатысты, 1 оқушы басқа мектепке ауысып кетті. Енді ең жоғары қорытынды балл жинаған 5000 оқушы олимпиаданың II кезеңіне жолдама алады.
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!