«IQanat»-ауыл балаларын арманға жетелейді
«IQanat»-ауыл балаларын арманға жетелейді
28.09.2023 ж күні 8 сынып оқушыларымен IQanat олимпиадасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. IQanat олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережемен таныстырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – еліміздің ауылдық жалпы білім беретін мектептері оқушыларының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ ауыл мектептері оқушыларының ынтасын арттыру.Міндеттері - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіптік бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау; - тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамытуға көмектесу, сондай-ақ оларды болашақ академиялық және кәсіби сын-қатерлерге дайындау.
Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін оқу жылы бойы төрт кезеңде қамқоршылардың қаражатына өткізіледі:
1) іріктеу кезеңі – онлайн форматта. Өткізу мерзімі – 30 қыркүйек
2) 1-кезең – аудандық. Өткізу мерзімі – қазан-қараша;
3) 2-кезең – облыстық. Өткізу мерзімі – наурыз;
4) 3 кезең – республикалық (Финал). Өткізу мерзімі – маусым.
Сауаттылық деңгейі мен ойлау дағдыларының қалыптасуын диагностикалау мақсатында олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңдерде үш жалпы бағыттағы міндетті тапсырмаларды орындайды: математикалық сауаттылық, логикалық ойлау, сыни ойлау. Олимпиаданың іріктеу кезеңі онлайн форматта өткізіледі. Тестілеу кешенді тесттен тұрады: 3 бағыт бойынша 15 сұрақ (математикалық сауаттылық, логикалық ойлау, сыни ойлау) және қазақ тілінен 5 сұрақ, барлығы 20 сұрақ. 2023-2024 оқу жылында олимпиаданың іріктеу және бірінші кезеңдерінде олимпиаданың барлық қатысушылары үшін қазақ тілінен міндетті тестілеу енгізілді. 2023-2024 оқу жылынан бастап «Қазақ тілі» пәнін енгізу оқушыларды олардың оқу тілдеріне қарамастан мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыруға бағытталған. Бұл жаңашылдық оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Іріктеу кезеңіне Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерінің 8- сынып оқушылары қатыса алады. Іріктеу кезеңінен өткен оқушылар аудандық кезеңге жіберіледі. Оқушыларға сәттілік тілейміз!