Әбділда Тәжібаев-толастамас жыр иесі
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы - Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдығына орай «Әбділда Тәжібаев-толастамас жыр иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылордадағы жетім балалар үйінде тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, Мәскеудегі Максим Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші Қазақ» газетінен бастаған. Ақын 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғашқы өлеңдері 1933 жылы «Жаңа ырғақ» болып шықты. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ә.Тәжібаевтің шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Оның «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры» өлеңдері және «Абыл», «Аққу», «Толағай», «Мерген» поэмалары бар. Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған.