Жыр жауһары- Қалижан Бекхожин » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2023

Жыр жауһары- Қалижан Бекхожин

Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында Қазақтың көрнекті ақыны Қалижан Бекхожиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Жыр жауһары- Қалижан Бекхожин» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Көрмеге  4- сынып білім алушылары қатысты. Көрмеге Ақын, драматург, аудармашы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожиннің өмірбаяны, еңбектері қойылды. Білім алушыларға Қалижан Бекхожиннің 1913 жылы 15 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл өлкесінде әулиелі Қызылтауда туғаны, азан шақырып қойған аты –Қалимұхаммед екені туралы айтылды. Қалижан Бекхожин 1932-1934 жылдары «Колхоз» газетінің редакциясында қызмет етті. 1938 жылы ҚазПИ-ді бітірді. Содан кейін Қазақстан Орталық комсомол баспасына аға редактор етіп тағайындалды. 1938-1939 жылдары «Балтабай», «Кек», «Орман қызы», «Ақсақ Құлан» атты дастандарын жазды.1944 жылы «Шеру»,1948 жылы «Көктем», «Сырдария көкпары», «Келтемасат», 1949 жылы «Под звездами Москвы», «Мәриям Жагорқызы" позмалары жарық көрді. Қалижан Бекхожин «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Халықтар достығы» орденімен, II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Білім алушыларға 1959 жылдан бастап өмірінің соңына дейін шығармашылықпен айналысқандығы туралы мәліметтер берілді.                                                                                                                                               

  Мақсаты:  Ақын, драматург, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру. Оның өлеңдерін оқуға шақыру, кітап оқуға баулу. Кітапханаға оқырмандарды тарту. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив