Теңге – тәуелсіздіктің белгісі
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының халықаралық валютасы теңгенің алғашқы қолданысқа енгенінің 30 жылдығына орай «Теңге – тәуелсіздіктің белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 5-7 сынып білім алушылары қатысты. Көрмеге Қазақстан Республикасының ұлттық валюталарының суреттері қойылды.Төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрлену тарихы туралы, теңге тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде экономикамызға қызмет етіп келгені туралы мағұлыматтар берілді. Кез келген елдің рәмізі болатын секілді өз валютасының болуы да заңдылық екені түсіндірілді. Олардың тарихы, жетістіктері мен ерекшеліктерін туралы деректер айтылды. Тәуелсіз Еліміздің жеткен жетістіктері, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, ұлттық сана сезімінің қалыптасуы туралы ақпараттар берілді. Білім алушылар ұлттық валюта туралы өз білгендерін ортаға салды. Оқырмандарды тәуелсіз еліміздің ұлттық валютасы туралы жетік білуі, әрі құрметтеуі және ерекшеліктері түсіндірілді.