22
сентябрь
2022
«Қазақстан –тәуелсіз мемлекет»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Республика күні мерекесіне орай «Қазақстан –тәуелсіз мемлекет» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік шежіресі» кітабының 1,2,3 томдары,М. Әшімбаевтың «Қазақстан тарихы», Манаш Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», Ғарифолла Әнестің «Қасиетті Қазақстан», В.А. Жандәулетовтың «Қазақстан» кітаптары қойылды. Білім алушылады көрмемен таныстырып, тәуелсіз Қазақстан туралы мағлұматтар берілді.
Мақсаты: Білім алушыларды Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын білуге баулу. Егеменді еліміздің еліне жаны ашитын ұрпағы болуға тәрбиелеу. Кітапханаға оқырмандарды тарту.