Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 4-сынып білім алушылары қатысты. Көрмеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің суреттері, олардың мәні мен мағанасы туралы деректер қойылды.Отанымыздың ұлттық мақтанышы- мемлекеттік рәміздер. Кез келген мемлекеттің айшығы- мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі- мемлекеттік рәміздерді қадір тұту. Жас ұрпақты ел жандылық негізде тәрбиелеудеде мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Рәміз- белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген, көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге яғни ту, елтаңба,гимнге айналды. Тәуелсіз Еліміздің жеткен жетістіктері, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, ұлттық сана сезімінің қалыптасуы туралы ақпараттар берілді. Білім алушылар мемлекеттік рәміздерге жеке- жеке сипаттама жасады.Оқырмандарды тәуелсіз елінің рәміздерін жетік білуге, әрі құрметтеуге толықтай мәліметтер берілді.