05
сентябрь
2022
№ 11 ЖОББ мектебінде Қазақстан Республикасы «Тілдер мерекесіне» арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім » атты апталықтың өтілуі
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. 5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне орай және «Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық» мерейтойына арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер онкүндігі ұйымдастырылды. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өткізілді.Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жұмағұлов Б.О. тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі.