«Тиімді тамақтану денсаулықтың кепілі» атты ашық есік апталығы
Мектепте тамақтандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында 10-14 ақпан аралығында «Тиімді тамақтану денсаулықтың кепілі» атты ашық есік апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты : мектеп жасындағы балаларды дұрыс тамақтана білуге баулу және денсаулықтарын нығайтуға ықпал ету. Мектебімізде апталық жоспар жасалынып жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. 11.02 .2020ж білім алушылардың тамақтану режимі туралы , аурудың алдын алуда дұрыс тамақтанудың маңыздылығы,тез даярланатын тағамдардың кері әсері және тыйым салынған заттар туралы лездеме өткізілді. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы ұсынған үйлесімді тамақтанудың 12 қағидасын ұстану маңыздылығы және аурудың, оның ішінде ішек инфекциясының алдын- алу мақсатында қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы туралы ақпараттар берілді. Апталық барысында «Тиімді тамақтану денсаулықтың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Тиімді тамақтану апталығының барысында ходдог, фасфудтың адам денсаулығына зияндылығы айтылды. Адам денсаулығына пайдалы жеміс-жидектер тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Дұрыс тамақтана білу туралы бейне роликтер көрсетілді. Мектебімізде тамақтануға байланысты өткізілген ашық есік нәтижесінде дұрыс тамақтану жөнінде білім алушылардың ақпараттық деңгейі артты . Апталықты қорытындылай келе оқушыларды тиімді тамақтануына және тез дайындалатын зиянды
заттардан аулақ болуға ат салысуға шақырылды.