Мұғалімдер » Страница 2 » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
Математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңі
06
ноябрь
2023
Математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңінде Ә.Хасенов атындағы номері 11ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Кенжебекова Айткуль Кенжебекқызы қатысып, 1- орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Тарих, құқық негіздері  пәні бірлестігінің кезекті мәжіліс отырысы
02
ноябрь
2023
Тарих, құқық негіздері пәні бірлестігінің кезекті мәжіліс отырысы
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте Қарашаның 2 күні Тарих, құқық негіздері  пәні бірлестігінің кезекті мәжіліс отырысы өтті. Мәжіліс барысында І- тоқсанның қорытындысы, мектепішілік олимпиада жоспарларын дайындау , қорытынды аттестаттауға   арналған, ҰБТ ға арналған дайындық жұмыстары сөз болды. Әр пән мұғалімі өз пәні бойынша сыныптардың І ші тоқсандағы білім сапасына тоқталды. Сонымен қатар өздерінің мектепішілік олимпиада өткізу жоспарларын, қорыттынды аттестаттау, ҰБТ
«Күмбірлеген домбыра сыры»
01
ноябрь
2023
«Күмбірлеген домбыра сыры»
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте  қараша айының  1 күні  «Үкілі домбыра» үйірмесінің білім алушыларымен «Күмбірлеген домбыра сыры» тақырыбында іс- шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Үйірме оқушыларының домбыраға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспабымыздың құндылығын жоғары бағалауға тәрбиелеу.Іс- шарада үйірме оқушылары домбырада ән айтып , күй шертті. Үйірме жетекшісі: Солтанаева Б.К.
«Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, оның ішінде девиантты мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері»
20
октябрь
2023
«Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, оның ішінде
    Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың  20 қазан 1-11 сынып жетекшілерімен «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, оның ішінде девиантты мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдерді ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері»тақырыбында семинар өткізілді.  Қатысқандар: 1-11 сынып жетекшілері 22 мұғалім Жауаптылар: ДТЖО Конырбаева М. А, ДҚТЖО Сексенбаев А. М, педагог психолог Мухамеджанова Ж. Б.  Семинардың мақсаты:  Аутодеструктивті
«Үкілі домбыра» үйірмесінің білім алушыларымен домбырада ән айтып үйрену
18
октябрь
2023
«Үкілі домбыра» үйірмесінің білім алушыларымен домбырада ән айтып
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте  Қазан айында «Үкілі домбыра» үйірмесінің білім алушыларымен домбырада ән айтып үйрену сабақтары жүргізілді. Сабақ барысында білім алушылар «Еркем ай» әнін домбырамен сүйемелдей отырып ән шырқады.
«Үкілі домбыра» үйірмесі жұмысы
14
сентябрь
2023
«Үкілі домбыра» үйірмесі жұмысы
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте Қыркүйек айында 4-11сыныптар арасында балардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Үкілі домбыра» үйірмесі өз жұмысын бастады. Ең алғашқы сабақтарда білім алушыларға домбыра туралы мәлімет пен домбырада ойнау жөнінде таныстырылым өтті.
"Құндылықтарға негізделген тәрбие"
04
сентябрь
2023
"Құндылықтарға негізделген тәрбие"
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қонырбаева Мадина Амангелдіқызы 1-11 сынып жетекшілерімен "Құндылықтарға негізделген тәрбие" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Конырбаева М.А. "Тәрбие бастауы-келешекте!" тақырыбында баяндама оқып, 2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатпен, білім беру ұйымдарындағы ерекшелктерімен таныстырды, сондай-ақ білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен
«Биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7 – 9 сыныптағы қиын тақырыптар»
21
август
2023
«Биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7 – 9
 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 07.08 – 18.08.2023 күндер аралығында биология және химия пәндер мұғалімі Джумагулова Бану Омаровна «Биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7 – 9 сыныптағы қиын тақырыптар» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті.      
«Еркін ел ұрпағы»
05
май
2023
«Еркін ел ұрпағы»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінде 2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 11.00 –де мамыр мерекесі және Ұлы жеңіс мерекесіне орай «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу сағаты ұйымдастырылды. Диктант жазуға 45 мұғалім, 135 оқушы қатысты.
"Түлектің тілегі"
04
май
2023
"Түлектің тілегі"
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 27 жұлдызында мектебімізді бірнеше жыл бұрын білім нәрімен сусындаған түлектеріміз, қазіргі таңда ел игілігіне қызмет атқарып жүрген мектеп түлектері Бүркітбаева Айман Жойқынбекқызы,Мырзақұлов Нұрбек Даукенұлы, Абдуллаев Ғалымжан Бейсенбайұлы, Аманбай Мейрлан Маратұлы "Түлектің тілегі" атты кездесу кешіне қонаққа келді. Кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Сейтказиев Рахат Зауытұлы алып, түлектерге