"Құндылықтарға негізделген тәрбие"
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қонырбаева Мадина Амангелдіқызы 1-11 сынып жетекшілерімен "Құндылықтарға негізделген тәрбие" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Конырбаева М.А. "Тәрбие бастауы-келешекте!" тақырыбында баяндама оқып, 2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатпен, білім беру ұйымдарындағы ерекшелктерімен таныстырды, сондай-ақ білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дамытудың әдіс-тәсілдері, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылады. Тәжірибе жұмысының мазмұнда ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушы: ДТЖО: Конырбаева М.А.