Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын»республикалық ғылыми –практикалық орталығының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №848/15-11-04 хатына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №1404 хатына сәйкес мектепте 2024 жылдың 25-28 қыркүйек аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі өткізілді. Олимпиаданың бірінші кезеңіне 20 оқушы, оның ішінде гуманитарлық-қоғамдық бағытта 9 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағытта 11 оқушы.тіркеліп қатысты. Олимпиаданың ашықтығы мен адалдығын сақтау мақсатында онлайн трансляция жүргізіліп, тест тапсыратын орынға бейне бақылау камералары орнатылды. Олимпиада ережеге сай өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар келесі кезеңге қатысады.
Оқушыларға сәттілік тілейміз!!!