«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында ата - аналармен коучинг өткізілгендігі туралы » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында ата - аналармен коучинг өткізілгендігі туралы
20
октябрь
2023

«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында ата - аналармен коучинг өткізілгендігі туралы

«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында ата - аналармен коучинг өткізілгендігі туралы

10-11 сынып оқушыларының ата – аналарымен 

«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» 

тақырыбында коучинг өткізілгендігі туралы анықтама

    Мерзімі:  20 қазан 2023 жыл

Қатысқан ата – аналар саны: 25 ата – ана

    Жоспары: 

  • «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы
  • «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» жаттығуы
  • Психикалық денсаулық жайлы түсінік беру
  • Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
  • Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»
  • Қорытындылау. «Тілек шамы»

  Барысы:

 «Біздің топтың жүрегі» сәлемдесу жаттығуы  ата- аналарға кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп ақ тілектеріңізді оқи отырып, тақтаға ілді. Қараңыздаршы ол біздің ол біздің көз алдымызда тірілді. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты ата ананың жүрегі де бала тәрбиесінде,өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады деген жылы сөздермен тренинг жаттығу жүргізілді. 

       Психикалық денсаулық (рух немесе жан саулығы, кейде менталдық саулық деп атады) — бұл адам өз әлеуетін іске асыра алатын, күнделікті өмірлік стресстерді еңсере алатын, жемісті және өнімді жұмыс жасай алатын, әрі қоғамға өз үлесін қоса алатын аман-саулық күйі. Жақсы психикалық денсаулық барлығы үшін маңызды. Сіздің және балаңыздың өмірі үшін психикалық денсаулықтың маңызы физикалық денсаулықтың маңызымен бірдей.

  Психикалық денсаулық – бұл жай ғана психикалық сырқаттардың жоқ болуы ғана емес, өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдылардың болуы. Егер психикалық денсаулықтағы кінараттарға мән бермесе, олар балалардың оқуына, дамуына, қарым-қатынастарына және физикалық саулығына кедергі келтіруі мүмкін. 

БАЛАЛАРҒА МЫҚТЫ, ҚАМҚОР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ҚҰРУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ

  • Балалар мен жастарға отбасымен және достарымен берік қарым-қатынас құру маңызды. Бірге уақыт өткізіңіздер. Мысалы, күнде кешкі аста.
  • Балаларға мәселелерді қалай шешу керек екенін үйретіңіз және көрсетіңіз.
  • Балаға және оның істеріне шынайы қызығушылық танытыңыз.
  • Баланың өмірінде үнемі жүретін маңызды адам оның орнықтылығын дамытуда шешуші рөл атқарады.
  • Бұл адам (көбінесе ата-ана немесе отбасының өзге мүшесі) – бұл балаңызбен бірге көп уақыт өткізетін және бала одан керек болғанда көмек сұрай алатынын білетін адам.

Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» (топпен жұмыс) жүргізілді. Ата - аналарға  алдын ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар беріледі.Ата аналар тақтаға құндылықтар жазғылған сөздерді ілді. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» ата аналарға сұрақтар жазылған қағаз таратылды.  Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата - аналарды мадақтау.  Ал жауап беруге қиналып қалған ата- аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс берілді. 

Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...» жаттығуы барысында ата аналар бала бойындағы қасиеттерді, баланыңғ мықты тұстары және әлсіз тұстарын қағазды екі бөлікке бөле отырып жазды.

«Тілек шамы» жаттығуы қорытындылау

«Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып, жүргізейік. Бір бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі коучингтен  алған әсерлеріңізбен бөлісіп, коучинг жұмысына кері байланыс жасалды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив