03
октябрь
2023
«ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?»
БҮГІНГІ СӘТТІ ҚАДАМ, ЕРТЕҢГІ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖАС ТҮЛЕК!!!
2023 жылдың қазан айының 3 күні 11 «а» сынып оқушыларымен «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Қатысқандар: 18 оқушы
Жауапты: мектеп психологы:Мухамеджанова Ж.Б.
Әдісі: тренингтік жаттығулар, психолоиялық тестер, тимбилдинг жаттығулары.
Мақсаты: ҰБТ тестілеуге әзірлік уақытында өздерін ұстау, өз -өздеріне сенімділікті арттыру, жағымсыз ойлардан арылу, жағымды эмоциялық көңіл - күй тудыруға жағдай жасау.
Тренинг ережесі:
«Келіңіз көңіл сергісін!» жаттығуы
«Ойлан, жұптас талқыла!» жаттығуы
«Өз болашағын елестету»
Тәтті сыйлық (ТҮЛЕКТЕРГЕ ТІЛЕК)
«Армандар картасы» жаттығуы
Қорытынды «Майшам жаттығуы»
Барысы:
«Келіңіз көңіл сергісін» жаттығуы «Ашық микрофон» әдісі арқылы түлектер бір- бірлеріне шеңбер бойымен жігерлендіретін жылы сөздер айтты.
«Ойлан, жұптас, талқыла» жаттығуы сұрақ бізден, жауап сізден арнайы карточкалардағы сұрақтар қойылып, түлектер пікірі тыңдалды.
«Емтихан...», «Сынақ....», «Тест»
Тәтті сыйлық (ТҮЛЕКТЕРГЕ ТІЛЕК)... психологиялық жаттығуы алдағы үлкен сынақ ҰБТ – ге дайындық кезеңінде түлектерге мотивация беру мақсатында «Аффермация» жаттығуы жүргізілді.
«ЭКСПЕРИМЕНТ» жаттығуы стресстік жағдайда өзін ұстауға үйрету. Әр топқа бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан қағаздар таратылды, 30 секунд ішінде орындау тапсырылды.
«Армандар картасы» жаттығуы түлектер арнайы плакаттарға визуализация жасай отырып, армандар картасын құрастырып шықты.
«Майшам» жаттығуы арқылы түлектер бір- бірлеріне жылы тілек сөздерін арнады.
Қорытынды: Жарық деген жақсы нәрсе, алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен тренинг аяқталды.