«Көңіл –күйімізді суреттейміз!»
Ә. Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі 1 сынып білім алушыларымен
«Көңіл –күйімізді суреттейміз!» тақырыбында жүргізілген тренинг жүргізілді.
Мерзімі: 11.10.2022ж
Мақсаты: топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Қатысушылар: 1«А» сынып Барлығы: 17 білім алушы қатысты.
Жауапты: мектеп психологы Мухамеджанова Ж.Б.
Барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдалынылды. Психолог нұсқауымен 1 сынып балалары біріне тоқтала қарап, оған: «Сәлем! Сенің атың кім?»-деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір баланы көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра деп нұсқаулық берді.
Жаттығу «Менің күлкілі портретім» «Ал қазір мен әркімге өз автопортретін салуын ұсындым». Сабақта сурет салуды үйреншікті әдіспен салуды, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер арқылы салуға болады. Балалар әуен астында сурет салды.
Жаттығу «Көңіл –күйімізді суреттейміз» балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтары таратылды. Балаларға өз көңіл-күйлерінің суретін салу ұсынылды. Бұдан «сары», «көк», және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Тренинг соңында «Тамаша күн үшін рахмет» жаттығуы жүргізілді. Балалар шеңбер құрып тұрды. Балаларға достық сезімі мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысулары ұсынылды. Бір-бірлерінің қолдарын қыса отырып, «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтылды. Осылайша тренинг сабақ балалардың көтеріңкі көңіл-күймен кері жасай отырып, аяқталды.