"Суицидтің өршуі - қоғамға келген қатер"
"Суицидтің өршуі - қоғамға келген қатер"
Ә. Хасенов атындағы №11 ЖОББМ-де 2022 жылдың 14 қараша күні ДҚТЖО Конырбаева М.А. мектеп психологы Мухамеджанова Ж.Б."Суицидтің өршуі қоғамға келген қатер" атты тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізді. Суицидтің алдын алу мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында психолог заман кеселі саналатын өзіне-өзі қол жұмсау бойынша арнайы ақпараттармен бөлісіп, түрлі практикалық мысалдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жоғарыда аталған тақырып бойынша ата-аналар назарына көрнекілік бейнероликтер ұсынылды. Дөңгелек үстелге қатысшы ата-аналар арасында көңіл- күйді көтеруге және түрлі жағдайлардағы күйзелістердің алдын алу, психоэмоционалдық статусын көтеру мақсатында ойын-жаттығулар жүргізілді. Шара барысында ата-аналарға орын алып жатқан суицидтік фактілердің алдын алуға бағытталған түрлі мүмкіндіктер мысал ретінде айтылып, суицидтік әрекет көрініс берген ортаға алғашқы көмек көрсету, мұндай әрекет жасауға бейім тұлғаларды сырт келбеті мен мінез-құлқы арқылы ажырату жолдары туралы толымды ақпараттар берілді.