17
апрель
2023
"Менің жан дүниемнің сұлулығы"
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың психалогиялық денсаулығын нығайту айлығының барысында 2023 жылдың 17 сәуір күні әлеуметтік педагог Тотенова Ж.Т. 8-сынып білім алушыларымен «Менің жан дүниемнің сұлулығы» атты тренинг өтті. Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру; оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беріп, көзқарастарын қалыптастырып, өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару. Ұйымдастыру кезеңінде «Поезд» жаттығуы психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. «Менің ерке есімім»жаттығу топ жүйесінде жүргізіледі. Қатысушылар өзінің ата-анасы, құрбы құрдастары немесе т.б. туыс — таныстарының оның еркелетіп атайтын есімдерін айтып, берілген бейджикке жазады. Тренинг бойы сол есіммен аталады. «Оның есесіне мен…» жаттығуы.Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. . «Мейірім шуағы» ойыны әр бала өзінің ата-анасы қалай еркелететінін айтып жіпті қасындағы балаға ұсынады, ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн бейнеленеді. “Май шам” май шам жағылады. Барлығы бір – біріне жылы сөз айтып май шамды беріп отырады.
Қоштасуға май шамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен тренинг аяқталды.
Қоштасуға май шамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен тренинг аяқталды.