«Өмірдегі- басты құндылық!» тақырыбында тренинг
2022 жылдың 1-30 қараша айы аралығында оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлықтың барысында қараша айының 11 –і күні 9 сынып білім алушыларына өмір туралы түсінік бере отырып, оқушы бойына жақсы қасиет,өмірге деген қызығушылық пен әрбір күн бағалы екенін түсіндіру, дара жолмен тура жолмен жүретін тұлға қалыптастыру мақсатында «Өмірдегі- басты құндылық!» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Тренинг барысы:
Оқушыларға жүргізілетін тренинг мақсаты, ережелері толықтай таныстырылды. Тренинг барысында адам үшін өмірдің құндылығын, оның қымбат екендігі жөнінде мағлұматтар беріліп, «Ойлануға арналған балықтар», «Сөйлемді жалғастыр» «Менің мақсатым» жаттығуларын қызығушылықпен орындады.
«Екі бақа» аңызының мазмұнын оқушылар талдап, өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керектігін, әр нәрсенің соңын шыдамдылықпен күтіп,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керектігі жөнінде және сабырлы, шыдамды, төзімді болуға тырысу керектігіайтылып, соңынанқызықты өмір сүру үшін кеңестер берілді. «Өкпені еріту» мен «Тазару» жаттығуы жүргізіліп, оқушылар өкпе-реніштен арылуға мүмкіндік алды.
Қорытынды:Қатысқан оқушылар тренингке қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты, қойылғансұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, жаттығуларды ықыластарымен орындап, өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес екендігін ұғынуға мүмкіндік алды.