22
ноябрь
2022
«Біздің бесінші сыныптағы тұлғалық дамуымыз»
1-30 қараша оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлықтың барысында 5 «Б» сынып оқушыларымен «Біздің бесінші сыныптағы тұлғалық дамуымыз» атты тренинг жүргізілді.
Мерзімі: 22 қараша 2022 ж.
Мақсаты: оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл-күйін, сыныптың ұжымдастығын, оқушының сыныптағы орнын, пәнге, ұстазға бейімделу ерекшіліктерін анықтап талқылау.Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуын, ұстаздарға жеңіл бейімделуге, ұстаздармен оңай тіл табысуға, жоғары сынып оқушыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге көмек беру.
Қолданылған құрал-жабдықтар: ватман, көбелектер, қазақ үйдің суреті
Жауапты: мектеп психологы: Мухамеджанова Ж. Б.
Қатысқандар: 5 «б» сынып оқушылары – 20 оқушы
Барысы: «Танысу» жаттығу бойынша оқушылар өз есімінің бас әріпінен басталатын жақсы қасиетін және өз бойларындағы қандай қасиеттері ұнамайтындығын айтып өтті, ол есімді оған кім қойғанын айтып, есімдерінің қандай мағына беретінін айтып өтті. Бұл жаттығу соңында оқушыларға «Өзіңді таныстырғанда өзің жайлы айтқан қиындық тудырдыма әлде басқа оқушы жайында айту қиындық тудыма?» деген сұраққа оқушылар өзің жайлы айтқаннан басқа оқушы жайында айту оңай болды деп жауап берді.
2-жаттығу «Біздің бәйтерегіміз» бойынша оқушылар тақтаға кезек бойынша бәйтеректің бір мүшесін сала отырып, өз есімдерін қасына жазды. Нәтижесінде сынып оқушыларының салған бәйтерегінен қозғалып тұрған бәйтерек ағашы пайда болды, яғни сыныптағы әр баланың мінез-құлқының қандай екені анықталып, сыныптың ұйымшылдыққа қарағанда әр оқушының көшбасшылыққа ниеттілігі басым екендігі көрінді.
3-жаттығу «Киіз үйдің шаңырағы» бойынша оқушылар киіз үй шаңырағына орта буынға көшкенде оқушылардың сыныптағы міндеттерін, мектеп талаптарын, оның жағымды жақтарын жазып шықты, мысалы: жақсы оқу, тәртіпті болу, инабатты болу, мұғалімдердің айтқанын орындау, сабаққа белсене қатысу. Киіз үйдің уықтарына орта буын пәндеріне, ұстаздарына бейімделгендерін және сынып жетекшілері Анар әкпилерінің ұнайтындығын, ұстаздарына тез бауыр басып кеткендіктерін, басқа да пән мұғалімдерінің сабақ бергендері ұнайтындығын айтып, жазып өтті. Шаңырақ ішіне бесінші сыныпқа көшкенде қандай сезімде болғандарын жазып өтті, яғни қуанышты сезім, толқығандықтары туралы, мойындарына жауапкершілікті алғандықтары жайлы жазды.
4-жаттығу «Гүлге қонған көбелек» бойынша әр оқушы орта буында оқып жүргенде қандай ерекше жағдайдың болғанын арманын қағаздан қиылған көбелекке жазып, тақта алдындағы гүлге апарып қондырды.
5-жаттығу. «Қоштасу» оқушылар орындарынан тұрып, ант берді. Бесінші сыныпты жақсы деген бағамен аяқтауға, төменгі ізбасарларға үлгілі аға мен әпке болуға, білімді болуға, жаңа шыңдарға да бәріміз бірге жетеміз, бесінші сыныпты жақсы деген бағамен аяқтауға Ант береміз деп аяқталды.
Қорытынды: оқушылардың орта буынға өтуде ешқандай кедергілер жоқ, барлық оқушылардың психологиялық тұрғыдан қарағанда бейімделуі тұрақты, жақсы деңгейде өтуде. Оқушылар бойында бір – біріне жанашырлық танытады, ұйымшылдық оқушыларда орта деңгейде. Қиындық туғызып отырған пән кейбір оқушылар үшін тарих пәні. Жаттығулар өткізу барысында оқушылардың көңіл қүйі көтеріліп, алға қарай ұмтылыс, жігерлілік пайда болды.