«Дарынды оқушыларды анықтау жолдары»
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінде 23.09.2022 ж мектеп мұғалімдерімен «Дарынды оқушыларды анықтау жолдары» тақырыбында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калмаханбетова Э.Ж және бастауыш сынып мұғалімі Тотенова Г.Т коучинг өткізді.
Коучинг мақсаты: Ұжым арасында диалогтік қарым-қатынас арқылы, коучингке қызығушылықтарын арттыру. «Дарынды оқушыларды қалай анықтауға болады?» деген сұраққа жауап іздеп, олармен жүргізілетін жұмыстардың түрлерін қарастыру.
Коучинг барысында мұғалімдер бір-бірімен, «Ой қозғау», «Постермен жұмыс» әдістері арқылы пікір алмасты. Бейнефильмдер көріп талқылады. Тапсырмаларды орындау арқылы тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс жасауына ықпал жасалынды.
Коучингті қорытындылау барысында «Дарынды балалар туралы не білдік?» деген сұрақ төңірегінде дарындылық моделіне құрып, ой түйіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.