Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі
20 қыркүйек 2023жыл
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
20 қыркүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында қыркүйек айында 157 білім алушы тегін, қалған оқушы ата – ананың есебінен тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур, тауар көршілестігі сақталуда. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.
Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады.
Кемшіліктерде анықталды: 1. Ауыз су режимі бойынша диспенсерде бір реттік стакандар қоюды қадағалау ДШЖО Қ.Ердалиевке жүктелді.
2.Асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай емес.Аспазшы М.Оналбаеваға ескерту берілді.