Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі
20 қаңтар 2023жыл
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
2023 жылдың 20 қаңтар күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды.Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.Анықталып кемшіліктерді жою үшін 5 күн жұмыс күні ұсынылды.
Тексеру нәтижесіне қол жуатын орында арнайы кептіргіштер қарастырылмаған, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты,талаптар сақталған.Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған.Термометрлер бар. Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар бар. Заттары арнайы киім арналған шкафтарға ілінген.
1.Үстелдерді өңдеуге арналған құрал,еденнің тазалығы аспазшы М.Оңалбаеваға міндеттелсін.
2.Асханадағы судың жағдайы ДШІЖО Қ. Ердалиевке міндеттелді.