Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысы
Әмеди Хасенов атындағы № 11 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы мектепте тамақтандыру сапасын,азық түлік өнімдерінің сапасын және сақталуын, асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына бақылау жүргізілді.
Мектепте барлығы 401 білім алушы 6 үйде оқытылады. Тегін ыстық тамақпен 66 білім алушы тамақтануда. Мемлекет тарапынан 65 білім алушы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан, 1 білім алушы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасынан бірмезгіл тегін тамақпен қамтылуда.
Ата-аналар есебінен 329 білім алушы 150 теңге көлемінде үлкен үзілісте,екі аусымда буфеттік тамақпен қамтылуда.
Жоспарға сәйкес ата-аналар комитеті өкілдерінен, мектеп әкімшілігі және медицина қызметкерімен бірге тамақтанудың сапасына,ілінген перспективалы екі апталық ас мәзіріне сәйкес тексеру жасалынған. Мектеп асхана жабдықтарының жарамдылығы өнімдер мен дайын тағамдар сақтау технологиясы қаралды. Тамақ өнімдерін накладнойға сәйкес шикі азық түліктер әкелініп отырады. Қағиданың 81 тармағына сәйкес комиссияның міндетіне жеткізілетін тамақ технологиялық жабдықтардың жарамдылығын,өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен сақталуына мониторинг жүргізілді. Тоқсанына бір рет ата-аналар үшін ашық есік күні ұйымдастырылған. Кезекшілік жасалынып,асханадағы ыстық тамақтың берілуі тамақтандыру ережесіне сай жасалынған. Ас мәзірі бойынша қадағаланды. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.Дайын астың салмағын өлшеуге арналған өлшеуіш құрылғысын қолданады,дайын астың,нанның салмағын бақылайды.Тоңазытқышта арнайы термометр бар және онда ет,маргарин,томат т.б.шикі тағамдар сақталынған.Көкөніске,дайын өнімдерге,шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған.Асханадағы ыдыстардың барлығы таза және өз орындарында орналасқан.
Асханада арнайы бұрыш ұйымдастырылып,онда тамақтану кестесі және кезекшілік кестесі,ас мәзірі,шағым кітабы тағы басқа да ақпараттар бар.
Медбике асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығына үнемі назар аударып,оқушылардың қайнатылған ауыз сумен қамтамасыз етілуін бақылауда.