Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
20 сәуір күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында сәуір айында 43 білім алушы тегін, қалғаны ата – ананың есебінен тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы күнделікті тексеріліп отырылды. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тағам ас мәзіріне сәйкес: балық котлеті, картоп езбесі, банан, тәтті шәй, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады. Анықталған кемшіліктер: пісіру цехінде артық заттар болды, 3 бокалдың шеті жырық аспазшы М.Оңалбаеваға қатаң ескертілді, тез арада кемшіліктер жойылды.