11
февраль
2025
«Ілияс Есенберлин – ұлт мақтанышы»
Ә. Хасенов атындағы № 11 ЖОББМ кітапханасында аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Ілияс Есенберлин – ұлт мақтанышы» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.Қазақ елінің тағдыры мен тарихы туралы келелі ой қозғаған Ілияс Есенеберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы.
Мақсаты: Ілияс Есенберлиннің омірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру,еліміздің болашағы жастардың жан - жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Жазушының тарихи шығармалары арқылы Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.