18
октябрь
2024
Қазақстан- туған елім, ұлы өлкем!
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында 25-қазан Республика күніне орай «Қазақстан- туған елім, ұлы өлкем!» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге 7 сынып білім алушылары қатысты. Мерекелер күнтізбесіне енген 25- қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл сол күні 1990 жылы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Сонымен қатар алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету,ұлттың болмысын қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттары бекітілді.