Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлы дала тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасалды.Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат берілді.
Мақсаты: Оқырмандарға Тәуелсіздік Желтоқсанның жемісі, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру. Еліміздің жеткен жетістіктері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқырмандарды кітап оқуға баулу. Кітапханаға оқырмандарды тарту.