Жыр Құлагері
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Талап» құндылығын білім алушыларға насихаттау мақсатында «Тарихқа құрмет» және «Балалар кітапханасы» жобаларын ұштастыра отырып, ақын, драматург, прозашы, ұлттық әдебиеттің классигі, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған мектепішілік іс-шаралар жоспары барысында 9- сынып білім алушыларымен «Жыр Құлагері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі мен шығармашылығы туралы тереңірек мағлұмат берілді. Өлеңдерін оқи отырып ана тілін бағалай білуін ұғындырды.
Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. Шығармаларын кеңінен насихаттау. Мектеп білім алушыларын кітап оқуға баулу. Оқыған шығармасын басқа оқырманға жеткізе білу, сөздік қорын молайту.Кітапханаға оқырмандарды тарту.