Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында Зорлық –зомбылыққа қарсы Республикалық акциясына орай «Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу» атты брифингтер ұйымдастырылды. Брифингтер 9 - сынып білім алушылары арасында өтті. Кітапханашы Утебаева білім алушыларға жалпы брифингтің не мағана беретіні, оны қалай өткізуге болатыны туралы мағлұмат берді. Тұрмыстық зорлық –зомбылық және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу туралы тақырыпқа шолу жасады. Интер белсенді тақтадан тақырыпты ашу мақсатында презентация көрсетілді. Білім алушыларға осы тақырып бойынша сауалдар қойылып, олардың жауаптары тыңдалды.
Мақсаты: Білім алушыларды тұрмыстық зорлық –зомбылықтардың түрлерімен таныстыру. Балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу. Білім алушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. Зорлық жасау адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Зорлыққа қарсы елімізде заң бар екенін түсіндіру. Өз орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларында адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де тәртіпті тұлға болып өсулеріне ықпал ету.