Зорлық – зомбылыққа жол бермейік!
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында Зорлық –зомбылыққа қарсы Республикалық акцияның басталуына орай «Зорлық – зомбылыққа жол бермейік!» атты баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Конференция 8-10 сынып білім алушылары арасында өтті. Білім алушылар «Жас дарын» журналы, «Меркі ақиқат» газеті және мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымы болып үш топқа бөлінді. Іс-шараның алғы сөзін директордың құқық жөніндегі орынбасары Сексенбаев Асқар бастады. Ол білім алушыларға осы акция туралы толық мағлұмат берді. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы Утебаева жалпы зорлық-зомбылық тақырыбына шолу жасап өтті. «Меркі ақиқат» баспасының өкілі Жалғасбай Аяла зорлық-зомбылықтың түрлеріне жеке- жеке тоқталып, талдап берді. Сөзді «Жас дарын» журналының өкілі Тұрсын Нұрила бала қай жерде, кімнен қорлық-зорлыққа тап болуы мүмкін екендігі туралы жалғастырды. «Жас ұлан» ұйымының өкілі Сағымқұл Сабина зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болатыны туралы өз ойын ортаға салды. Кітапханашы : Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім –жақындарына , туған туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады. Келер күннің шұғылалы болуы боларына сенімді болуымыз керек. Сол үшін де қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеуі керек деген қорытындымен баспасөз конференциясын аяқтады.