«Зорлық – зомбылыққа жол бермейік!»
2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 25 қараша – 10 желтоқсан арасындағы «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында №11 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтарға зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін айту, бірігіп жұмыс жасауға шақыру мақсатында «Зорлық – зомбылыққа жол бермейік!» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренингтің барысында педагогтарға балаларға үнемі бақылау жүргізу, әр педагог баланың ішкі жан дүниесін аша білу, жанды қарым- қатынас орнату, күнделікті көңіл- күйін анықтау мақсатында психологиялық кеңестер берілді. Қатысушылардың ситуациялық жағдайлардан шығу мүкіндігін бағалау, жағымды эмоциялық қарым- қатынасты нығайту мақсатында «Мұнара тұрғызу» жаттығуы жүргізілді. «Өзіңізді білгің келсе» жобалық тесті жүргізіліп, жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиетін білді. «Аяқталмаған тезистер» атты анкеталық сұрақтар қойылып, ақ параққа анықтамалар жазылды.
1. Зорлық- зомбылық ол...
2. Физикалық зорлық зомбылық...
3. Психологиялық...
4. Қорқыту ол...
Бала тәрбиесінде бірігіп жұмыс жасау бойынша «Достық ағашы» жаттығуы жүргізіліп, ұстаздар бір біріне хормен «Жарайсыздар» деп тренингке қатысқаны үшін алғыс білдірді.