08
ноябрь
2023
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны бастау алғандығы туралы хабарламалық бағыттағы лездеме
Меркі ауданының білім бөлімінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №1547 хатына сүйене отырып, Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 8 қараша күні «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны бастау алғандығы туралы хабарламалық бағыттағы лездеме 8-11 сынып білім алушыларымен өткізілді. Науқанның мақсаты – балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру. Ұйымдастырушы: ДҚЖО: Сексенбаев А.М. сынып жетекшілер.