Кел, балалар, оқылық!
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел, балалар, оқылық!» атты акциясы 1-4 сынып білім алушылары арасында ұйымдастырылды. Акцияға қатысқан білім алушылар өздері оқыған кітаптары туралы әңгімелеп,ол кітаптың авторы мен оның шығармашылығы туралы айтып, келесі оқырманға сол кітапты оқуға кеңес берді. Өздері оқыған ертегілері туралы ой бөлісті. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлері туралы айтты. Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі біздерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, ертегі кейіпкерлері керек кезде бір-біріне көмекке келеді, біріккеннің арқасында, достығының арқасында барлығын да жеңіп шығады екен. Соның барлығын біз ертегіден білдік деп, өз ойларын ортаға салды. Сендерге үнемі кітап оқыңдар деп кеңес беремін.
Мақсаты: Білім алушыларды көркем әдебиетке баулу, әр кітаптың шығармашылығымен таныстыру, болашақта тәрбиелі ұрпақ болып өсуіне жол көрсету. Білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ой- өрісін дамыту. Кітапханаға оқырмандарды тарту.